Түркістан облысында бейсенбіде дауылды ескерту жарияланды

Астана. 20 қараша. ҚазТАГ – Түркістан облысында бейсенбіде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«21 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Түркістан қ.: 21 қарашада солтүстік-шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage