Түркістан облысында мас жүргізушінің салдарынан ЖКО орын алып, мотоцикл жүргізушісі зардап шекті

Түркістан. 22 қыркүйек. ҚазТАГ – Түркістан облысында мас жүргізушінің салдарынан ЖКО орын алып, мотоцикл жүргізушісі зардап шекті, деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсынан.
«Бәйдібек аудандық полиция бөліміне “Ауди 80” маркалы автокөлігі бір азаматты қағып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Аталған хабарлама бойынша оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел жетіп, істің мән-жайын анықтады. Кешкі сағат 20:00-дер шамасында жергілікті тұрғын болып табылатын тұрғын өзінің басқаруындағы “Ауди 80” маркалы автокөлігімен келе жатып, алдында бір бағытта кетіп бара жатқан “Зид 150” маркалы мотоцикілінің артыңғы бөлігінен соғып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде “Зид 150” маркалы мотоцикілдің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарын алып, орталық ауруханалардың біріне, хирургия бөліміне жеткізілген. Полиция қызметкерлері тергеу амалдары барысында жол апатын жасаған күдіктінің мас халде көлік басқарғанын анықтады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Осы орын алған жол көлік оқиғасын ҚР ҚК-нің 345-1 бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тіркеп, тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

adimage