Түркістан облысында шағын автобустың жүк көлігімен соқтығысуынан бес адам қаза тапты

Алматы. 16 шілде. ҚазТАГ – Түркістан облысында шағын автобустың жүк көлігімен соқтығысуынан бес адам қаза тапты, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Бүгін Шымкент-Жібек жолы тас жолының бойында сағат 13.15-те жол-көлік оқиғасы орын алды. Mercedes-Benz шағын автобусы алдында келе жатқан «Камаз» көлігіне соққан. ЖКО салдарынан оқиға орнында автобустың бес жолаушысы қаза тапты. Mercedes-Benz жүргізушісі мен тағы алты жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Түркістан облысы Қазығұрт ауданының полициясы ҚР ҚК 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

adimage