Түркістан облысында танысын қатыгездікпен өлтірген адамға үкім шықты

Түркістан.5 маусым.ҚазТАГ- Түркістан облысында танысын қатыгездікпен өлтірген адамға үкім шықты, деп хабарлайды «Отырар».
«Сот үкімімен сотталушыға ҚР ҚК 99 бабы 1-бөлігімен 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу белгілеген" - делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Түлкібас ауданының Жыланды ауылының 57 жастағы тұрғыны ауылдасының 8 қабырғасын сындырып, басы мен қолын балтамен шауып тастады деп айыпталған. Ал сот отырысында жәбірленушіні ұры деп ойлап өзін қорғану үшін қылмысқа барғанын айтыпты.
Ер адам өз кінәсін толығымен мойындаған. Әрі көп нәрсенің есінде қалмағанын айтыпты.
"Түнгі 01:30 шамасында жәбірленуші мас күйде балта ұстап сотталушының үйіне келген. Жәбірленуші балтамен сотталушының басынан бір рет ұрған. Сол сәтте сотталушы жанында тұрған қайшыны алып, жәбірленушінің сол қолынан ұрған. Кейін оны өлтіру үшін балтаны қолынан жұлып алған. Бұдан соң балтамен жәбірленушінің басынан бірнеше рет ұрған. Алған жарақатынан ер адам сол жерде көз жұмды", – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

adimage