Түркістан облысында уақытша баспанада газдың атылуынан 14 жасар қыз бала зардап шекті

Астана. 15 қазан. ҚазТАГ - Түркістан облысында уақытша баспанада газдың атылуынан 14 жасар қыз бала зардап шекті, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«14 қазанда сағат 11.16-да Түркістан облысы Кентаудан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Жүйнек ауылында уақытша баспанадан газ-ауа қоспасы атылып, оның арты өртке ұласқан. Тілсіз жау 32 ш.м. жерді шарпыған. Өрт сөндірушілердің қабылдаған шарасының арқасында өрт 12.28-де сөндірілді. 2005 жылы туылған қыз баланы күйік шалып, ол ауруханаға жеткізілді», - деді Нұрахметов сейсенбі күні.
Оның ақпарынша, өрт шығуының алдын-ала болжамы – газ баллоны редукторының ақауы.
«Өртті сөндіруге облыстық ТЖД жеке құрамдағы жеті адамы, екі бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған», - деді ТЖК ресми өкілі.

adimage