Түркістан облысында жаппай ЖКО салдарынан төрт адам зардап шекті

Астана. 27 қараша. ҚазТАГ - Түркістан облысында жаппай ЖКО салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Ташкентке қарай Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент тас жолының 763 шақырымында Lada Priora, Toyota Previa, Opel Vectra, Volkswagen Vento маркалы төрт көлік соқтығысты. (…) Қатты соққыдан төрт адам зардап шегіп, олар жедел медициналық көмекке жүгінді», - деп хабарлады сәрсенбі күні ұлттық компанияның баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.
Алдын-ала нұсқа бойынша, Lada Priora көлігінің жүргізушісі техникалық ақауларға байланысты күтпеген жерден тежегішін басқан, соның салдарынан оның артында келе жатқан көліктер бір-біріне соққан.

adimage