Түркістан облысында жер қатынастары аудандық бөлімінің экс-басшысы пара алған деп күдіктелуде

Астана. 22 қазан. ҚазТАГ – Түркістан облысында Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы сыбайлас жемқорлық күдігіне ілікті, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.
«Бәйдібек ауданы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ сектор меңгерушісіне қатысты аталмыш аудандағы әкімдіктің «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы болып тұрған кезде сыбайлас жемқорлық жасаған деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталмыш лауазымды адам бұрын азаматтан алған Т400 мың көлеміндегі парасын қайтару кезінде ұсталған», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Тергеу нұсқасы бойынша, пара 2019 жылдың қыркүйегінде жайылым үшін жер телімін бөлу кезінде берілген.

adimage