Түркістан облысында ЖМС-ке қарулы шабуыл жасаған күдіктілердің бірі ұсталды

Алматы. 21 қазан. ҚазТАГ – Түркістан облысында көлікке жанармай құю стансасында қарулы шабуыл жасаған күдіктілердің бірі ұсталды, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Шұғыл-іздестіру шараларының нәтижесінде Түркістан облысы ПД қылмыстық полиция қызметкерлері Сайрам АПБ қызметкерлерімен бірге күдіктілердің бірін ұстады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Шабуыл Сайрам ауданында қазан айының ортасында жасалған. Сол кезде ҚР ҚК 192 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Полицейлер анықтағандай, қосауыз мылтықпен және газ баллонымен қаруланған белгісіз біреулер ЖМС-ке баса көктеп кіріп, бір минут ішінде қарулы шабуыл жасаған. Бұл кезде стансада үш жұмысшы болған. Шабуылдаушылар операторға газ баллонын шашқан, күзетшіге мылтық тақаған, кассадағы адамды қорқытып, кассадан шамамен Т170 мың алып кеткен. Сосын қаскөйлер үшіншісі күтіп отырған көлікке отырып, белгісіз бағытта кетіп қалған», - деді полицейлер.
ПД-де нақтылағандай, қылмыс таңертеңгісін болғандықтан, куәгерлер табылмаған.
«Оның үстіне күдіктілер тез қимылдап, 40 секунд ішінде арам ойларын жүзеге асырып үлгерген. Біз бәрін мұқият зерделеп, қылмыс алдын-ала ойластырылған және олар алдын-ала сөз байласу арқылы әрекет еткен деген байламға келдік. Сондықтан күдіктілерді ұстау мақсатында біздің қызметкерлер қажетті шұғыл-іздестіру шаралар кешенін жүзеге асырды. Қылмысты ашу барысында күдіктінің үшеуінің де жергілікті тұрғын екені анықталды. Олардың бірі бұрын сотты болған. Іздестіру және тергеу шараларын жалғастырамыз», - деді өңірдегі ПД қылмыстық полиция басқармасының бастығы Құрманбек Сахов.

adimage