Түркістанда зейнеткер-педофил қызға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін 15 жылға сотталды

   Түркістан.7 маусым.ҚазТАГ- Түркістанда 66- жастағы зейнеткер-педофил қызға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Otyrar.
   «Сот үкімімен сотталушыға 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»,- деп хабарлайды Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
    Белгілі болғандай, оқиға 2022 жылғы 22 қазанында болған.
    «Ер кісі көрші тұратын әжейдің жақын досы болған. Зейнеткер шай ішіп болған соң қария тынығып алу үшін қонақ бөлмеге барып, ойнап отырған қыздарды көрген. Осы кезде зейнеткер өзінің жыныс мүшесін кәмелет жасқа толмаған қыздарға ұстатып, кейін олардың әуретті жерлерін ұстап, сүйіскен»,- делінген хабарламада.
Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады.

adimage