Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ – СІМ

Астана. 6 ақпан. ҚазТАГ – Алена Субботина. Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
«Сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Түркияда зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ», - деді Смадияров дүйсенбідегі брифингте.
Еске салсақ, дүйсенбіге қараған түні Түркияда магнитудасы 7,4 балдық күшті жер сілкінісі орын алды. Елде қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды.  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген адам шығына әкеп соққан жер сілкінісіне байланысты Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоганға көңіл айтты.

adimage