Т90 млн жымқырған күдікті банк қызметкері Челябинскіде ұсталды

Алматы. 21 қараша. ҚазТАГ - Т90 млн жымқырған күдікті банк қызметкері Челябинскіде ұсталды, деп хабарлады «Алау».
«Қостанай облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері Челябинск облысы бойынша РФ ІІМ бас басқармасы қызметкерлерімен бірге Челябинскіде Жітіқарадағы банк филиалынан ірі көлемдегі ақшалай қаражатты жымқырған күдіктіні ұстады. (…) Белгілі болғандай, Челябинскіге күдіктіні қазақстандық такси жүргізуші әкелген. (…) 20 қарашада тінту амалдары нәтижесінде 136 мың еуро көлемінде ұрланған қаржының бір бөлігі табылды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Алдын-ала тергеу амалдарымен белгілі болғаны ақшаның бір бөлігін ол өзі мен туыстарының атына рәсімделген сегіз несиені интернет арқылы жабуға жұмсаған.
«Қазіргі таңда оны Қостанай облысына әкелу мәселесі қаралуда. Күдікті қазіргі таңда Челябинск УҰИ-де», - делінген хабарда.
Еске салсақ, қылмыс 12 қарашада жасалған. Банк қызметкері – 29 жасар Жітіқара тұрғыны сеніп тапсырылған 250 мың еуродан астам ақшалай қаражатты жымқырған. Сол күні Қостанай облысының полициясы ҚР ҚК 189 бабы 4 бөлімі бойынша қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тергеу амалдарын бастады. Қамауға алуға санкция берілді. Тергеушілер банк қызметкерінің 12 қарашада РФ шекарасына өтіп кеткенін анықтады.

adimage