Талдықорғаннан алыс емес жерде магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді

Алматы. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Талдықорғаннан алыс емес жерде магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«2020 жылғы 20 қаңтарда «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен Алматы уақыты 11.31-де жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматының солтүстік-шығысынан 231 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,3. Магнитудасы mpv=4,7», делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Жер сілкінісінің ошағы Талдықорғаннан алыс емес жерде 20 км тереңдікте болған.
«Сезілгендігі туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): Текелі қаласы – 3-4 балл, Талдықорған қаласы – үш балл», - делінген хабарда.
Атап өтелік, соңғы үш тәулікте жер сілкінісі санының артқаны байқалып отыр, олардың көбі Қытайда тіркелген, бірақ Қазақстанда да сезілді. Алматы облысының аумағында соңғы бірнеше сағатта бұл екінші жер сілкінісі.

adimage