Тараздағы балалар үйінің тәрбиешісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Алматы. 8 қазан. ҚазТАГ - Тараздағы балалар үйінің тәрбиешісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«7 қазанда Facebook әлеуметтік желісінде «Үміт» балалар үйі тәрбиешісінің кішкентай балаларға қатыгездік танытып жатқаны туралы бейнежазба пайда болды. Сол күні Жамбыл облысы ПД ҚР ҚК 140 бабы 2 бөлімі (кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндетін орындамау) бойынша балалар үйінің 5 жасар тәрбиешісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Департаментте атап өткендей, тергеу барысында мекеме қызметкерлерінен түсінік алынып, бейнебақылау камерасындағы бейнематериалдар тәркіленген.
«Қажетті сараптама тағайындалды. Облыстық әкімдікке сот шешіміне дейін тәрбиешіні атқарып отырған қызметінен шеттету туралы ұйғарым жіберілді», - делінген хабарда.
Сондай-ақ, хабарланғандай, аталмыш дерек Жамбыл облысы ПД бастығы Арман Оразалиевтің жеке бақылауына алынған.

adimage