Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т1,37-ге өсіп, Т377,96/$1 болды

Алматы. 11 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы бейсенбіде 377,96/$1 болды. Сәрсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,37-ге түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т377,50 – Т378,60 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $85,390 млн болды.

adimage