Теміртау-Нұр-Сұлтан тас жолында 22 көліктің қатысуымен орын алған екі ЖКО-дан бір адам мерт болды

Қарағанды. 14 ақпан. ҚазТАГ – Теміртау-Нұр-Сұлтан тас жолында 22 көліктің қатысуымен орын алған екі ЖКО-дан бір адам мерт болды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«13 ақпанда Теміртау–Нұр-Сұлтан тас жолында Теміртаудан 2 км қашықтықта боран салдарынан жол дұрыс көрінбей сегіз автокөлік соқтығысқан (екі жүк және алты жеңіл көлік). Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Granta көлігінің 36 жасар жүргізушісі алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды», - делінген жұма күні таратлыған хабарда.
Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Сол күні Нұр-Сұлтан-Теміртау жолында Ошағанды ауылы маңында 14 көлік соқтығысқан. ЖКО салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Көлік жолаушылары Қарағандыға жолай кетіп бара жатқан көліктермен жеткізілді», - деді полицейлер.

adimage