Тоқаев 2020 жылы «Б» корпусының мемқызметкерлері вакансиясын иеленуге мораторий енгізуі мүмкін

Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы «Б» корпусының мемқызметкерлері вакансиясын иеленуге мораторий енгізуі мүмкін, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Қайта ашылған және/немесе қайта құрылған мемлекеттік органдарды, сондай-ақ осы жарлықтың қосымшасында көрсетілгендерін қоспағанда «Б» корпусының вакантты әкімшілік мемлекеттік қызметіне 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін жалпы конкурс жариялауға мораторий енгізілсін», - делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлық жобасында.

Қосымшаға сәйкес, келесі меморгандарға мораторий қолданылмайды: Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық; ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің аппараты; Жоғары сот кеңесі; Қорғаныс министрлігі; Конституциялық кеңес; парламент палатасының аппараты; президент әкімшілігі; президенттің іс басқармасы; премьер-министрдің кеңсесі; Тұңғыш президент-Елбасы кеңсесі; Тұңғыш президент мұрағаты; Орталық сайлау комиссиясы.


adimage