Тоқаев Атырау облысындағы «қарапайым емес» полиция бастығына қатысты «қатал шара» қолдануға уәде етті

Астана. 15 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысы Полиция департаментінің (ПД) «қарапайым емес» бастығы Аян Дүйсембаевқа қатысты «қатал шара» қолдануға уәде етті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаевқа Атырау облысы полиция департаментінің бастығына қатысты қызметтік тексеру жүргізу тапсырылды. Оған оның қарапайым емес қылығы себеп болып отыр. Қатал шара қолданылатын болады», - деп жазды Тоқаев сәрсенбіде өзінің Twitter парақшасында.
Еске салсақ, 14 мамырда ІІМ-де хабарлағандай, Дүйсембаевқа ат «сыйлаған» видео тексеруге себеп болған.
Желіде тараған видеода жақында генерал-майор шеніне дейін жоғарылаған жоғары лауазымды полицейге атты оның туған ауылы Қызылқоға ауданында жергілікті бизнесмендердің бірі сыйлағаны айтылады.
Атап өтелік, бұл Дүйсембевтың қатысуымен орын алып отырған бірінші жанжал емес. 2018 жылдың жазында әлеуметтік желіде Дүйсембаевқа ұқсас адам түскен видео жарияланған еді. Ер адам құмар ойындарға арналған ғимаратта болған. Роликтегі жазбалар жағдайдың Беларусия астанасында орын алғанын, ал видеодағы адамның Атырау облысы ПД бастығы екені айтылған. Кейін ІІМ-де видеодағы адам шынымен де Дүйсембаев екенін, бірақ ол казинода ойнамаған, тек Беларусиядағы құмар ойын үйінде болғанын мәлімдеді.

adimage