Тоқаев аз қамтылған көп балалы отбасылардың өмір сапасын біртіндеп арттыруды тапсырды

Астана. 25 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аз қамтылған көп балалы отбасылардың өмір сапасын біртіндеп арттыруды тапсырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевты қабылдадым. Жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша жұмыстарды жалғастыру керек. Аз қамтылған көп балалы отбасылардың өмір сапасын біртіндеп арттыруды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау шараларын күшейтуді тапсырдым», - деп жазды Тоқаев сәрсенбіде өзінің Twitter парақшасында.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа аз қамтылған көп балалы отбасыларға көмек көрсету шаралары туралы баяндалған еді.

adimage