Тоқаев Қазақстан президенті болды

Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ – Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палатасының біріккен отырысында Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, ҚР Конституциясы мен Заңдарын қатаң сақтауға, маған жүктелген ҚР президенті міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», - деді Тоқаев сәрсенбіде.
«Құрметті Қасым-Жомарт Келелұлы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 48 бабына сәйкес сізге Президенттің куәлігі мен төс белгісін, байрағын және «Алтын қыран» орденін табыстауға рұқсат етіңіз», - деді өз кезегінде Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев.
Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап Қазақстан президенті лауазымындағы өкілеттігінің аяқталғаны туралы жарлыққа қол қойды. Кезекті сайлауға дейін мемлекетті сенатор спикері Қасым-Жомарт Тоқаев басқаратын болады.

adimage