Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Астана. 1 маусым. ҚазТАГ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын!» - деп жазды Тоқаев бейсенбі күні Twitter парақшасында.
Ол балалардың ел ертеңі екенін атап өтті.
«Бала – бауыр етіміз. Олар – еліміздің ертеңі. Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді әрі жан-жақты болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды. Балаларымыздың болашағы баянды болсын!» - деп жазды Тоқаев.

adimage