Тоқаев БҚДА төрағасының екі орынбасары мен бірінші орынбасарын тағайындады

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының екі орынбасары мен бірінші орынбасарын тағайындады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.
«Рустам Нұрланұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметіне; Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне; Болат Қуанышбекұлы Сәмбетов Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Ахметов 2019 жылдың тамызынан бастап ұлттық экономика министрлігінің бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетін, Омаров 2019 жылдың мамырынан бастап «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының мүшесі- басқарушы директоры болған, ал Сәмбетов Алматы бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті департаментінің басшысы болған.

adimage