Тоқаев БҒМ жаңа оқу жылына дайын екеніне күмәнді

Астана. 10 шілде. ҚазТАГ – ҚР білім және ғылым министрлігінің (БҒМ) жаңа оқу жылына дайын екеніне ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күмән келтірді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Мен министрліктің бұл жағдайға дайын екеніне күмәндімін», - деді Тоқаев жұма күнгі үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Ары қарай ол БҒМ-ға сұрақ қойды.
«Балалар қалай оқиды – іштей ме, әлде қашықтықтан ба? Мұғалімдердің жаңа оқу жылына дайындығы қалай?» - деп сұрады Тоқаев.

adimage