Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Қытайға келді

   Астана.28 наурыз.ҚазТАГ- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Қытайға келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
  «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Халықаралық конференциялар орталығына келді»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
  Мемлекет басшысын БАФ директорлар кеңесінің төрағасы Пан Ги Мун мен Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзи қарсы алды.

Фото көзі: Пресс-служба Акорды


adimage