Тоқаев «дәрі тапшылығын туғызып, дүрбелеңге салынбауға шақырды»

Астана. 8 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «дәрі тапшылығын туғызып, дүрбелеңге салынбауға шақырды», деп хабарлады Ақорда.
«Менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары дәрі-дәрмектің бағасын заңсыз қымбаттатқан адамдарды ұстап жатыр. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Ел азаматтарын дәрі тапшылығын туғызып, дүрбелеңге салынбауға шақырамын», - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

adimage