Тоқаев Ереванда Пашинянмен шағын құрамда келіссөз жүргізді

   Астана. 15 сәуір. ҚазТАГ- Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда премьер-министрі Никол Пашинянмен шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
   «Қазақстан Президенті Армения Премьер-министрімен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ресми сапарына ерекше мән беретінін және оны екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың маңызды кезеңіне жол ашатынын атап өтті. Қазақстан Президенті екі ел арасындағы байланыстардың барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты арттыру үшін мол әлеует бар екенін айтты»,- делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.
Өз кезегінде Никол Пашинян өзара байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, армян-қазақ қатынастарын жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе әрекет етуге дайын екенін мәлімдеді.
«Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, инвестициялық, өңірлік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Тараптар өңірлік тұрақтылық және қауіпсіздік мәселелеріне айрықша назар аударды. Шағын форматта өткен келіссөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян Қазақстан мен Армения арасындағы көп қырлы байланыстарды одан әрі нығайтуға бейілді екенін растады»,- деп қосты Ақорда.

Фото көзі: Пресс-служба Акорды


adimage