Тоқаев үкімет пен өңір әкімдеріне отандық техниканы сатып алуды арттыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды

Алматы. 26 сәуір. ҚазТАГ –Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО-ға жұмыс сапары барысында үкімет пен барлық өңір әкімдеріне отандық техниканы сатып алуды арттыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
«Семейдің өнеркәсіптік әлеуетін барынша белсенді қолдану қажет. Үкімет пен барлық өңір әкімдеріне отандық техниканы сатып алуды арттыру мүміндігін қарастыруды тапсырамын», - деп келтірген Токаевтың сөздерін Ақорда баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ШҚО басшылығына 2025 жылға дейінгі Семей қаласын дамытудың арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
«Бұл қаланы дамыту міндеттерін орташа мерзімді болашаққа дейін өзекті етуге мүмкіндік береді», - деді ол.

adimage