Тоқаев Назарбаевтың өкілеттігін кеңейтті

Астана. 22 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін кеңейтті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығында 1 тармақтың 1 тармақшасы келесің редакцияда жазылсын: Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесі», - делінген дүйсенбіде жарияланған ҚР президентінің 9 қазандағы №184 жарлығында.
Құжатқа сәйкес, жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесінде атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесі».
Жарлықтан белгілі болғандай, СІМ, қорғаныс мині мен ІІМ басшыларын қоспағанда министрлерді ҚР президенті Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасымен келіскеннен кейін ғана тағайындайды.
Сонымен қатар, ҚР президентіне бағынышты және есеп беретін қызмет (ҚР ПӘ, бас прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік қызметтік істер агенттігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ұлттық банк, республикалық гвардия, «Сырбар» сыртқы барлау қызметі, президент күзеті қызметі, республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, президент істері басқармасы) басшыларын тағайындау ҚР ҚК басшысымен келісілуі керек.
Сондай-ақ, облыс, республикалық маңыздағы қала және елорда әкімдерін тағайындау да ҚР ҚК келісілуі керек.
.

adimage