Тоқаев Ресейдегі және бірқатар басқа елдердегі елшілерді тағайындады

Астана. 29 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі және бірқатар басқа елдердегі елшілерді тағайындады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне; Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанны, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Тоқаев басқа жарлығымен Көшербаевты Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатты.

adimage