Тоқаев Сочиде «Валдай» клубының отырысына қатысады

Астана. 3 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиде өтетін «Валдай» халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Құрманғали.
«3 қазанда (...) Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Сочи қаласында өтетін «Валдай» халықаралық пікірталас клубының ХVI отырысына қатысады. Шара әлемдік саяси құрылымдағы Шығыстың рөлін талқылауға арналады», - деп жазды Құрманғали сәрсенбіде әлеуметтік желіде.
Ол пікірталас барысында қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайға Шығыстың (кең түсінікте) ықпалының артуы, Еуразия кеңістігіндегі саяси және экономикалық өзара іс-қимылдардың перспективалары, Таяу Шығыс мәселелері қаралатынын атап өтті.
Оның айтуынша, Ресей және Қазақстан басшыларымен бірге пленарлық сессия барысында Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев, Иордания королі Абдалла II мен Филиппин президенті Родриго Дутерте де сөз сөйлейді.
«Валдай» клубының жұмысына биыл әлемнің 37 елінен 140-тан астам сарапшы қатысады», - деді Құрманғали.

adimage