Тоқаев Тараздың экс-әкімін басшы қызметке алғаны үшін Сапарбаевқа сөгіс жариялады

Астана. 3 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа Тараздың экс-әкімі Қайрат Досаевты облыстық әкімдікке басшы қызметке алғаны үшін сөгіс жариялады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді», - деп хабарлады сейсенбі күні президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Еске салсақ, 2019 жылдың 15 қарашасында Таразда сырттағы дәретханада жетінші кластың оқушысы зорланған еді. Ол сабақ кезінде дәретханаға сұранып шыққан екен. ҚР ҚК 121 бабы 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Зардап шегуші де оны таныды.
21 қарашада ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкіміне Тараз әкімін қызметінен босатуды тапсырды. Облыс әкіміне ескерту берді. Сол күні Досаев Тараз әкімі қызметінен босатылды. 2021 жылдың 2 тамызында белгілі болғандай, Тараздың экс-әкімі Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалғаны белгілі болды.

adimage