Тоқаев Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды

    Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
   «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
   «Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр»,- деп қосты Ақорда.

Фото көзі: Пресс-служба Акорды


adimage