Тоқаев: Жергілікті мазмұн бойынша өңірлік комиссия жұмыстары «тек белгі» үшін ғана жүргізілуде

Астана. 10 шілде. ҚазТАГ – Жергілікті мазмұн бойынша өңірлік комиссия жұмыстары «тек белгі» үшін ғана жүргізілуде, деп санайды ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Инфрақұрылымдық мембағдарлама аясында әкімдер мен министрлер жергіікті мазмұнның 90%-дық үлесі бойынша міндеттеме алды. Аталмыш мембағдарламаларды жыл сайын қаржыландыру көлемі шамамен Т2,8 трлн. құрайды. Яғни Т2,5 трлн біздің экономикамызға құйылуы керек. Ал істе қалай? Бірыңғай жоспарлау жүйесі, есептілік пен тіркеу, меморгандар мен бас мердігерлердің қатаң жауапкершілігі істе мүлде жоқ. Жергілікті мазмұн бойынша өңірлік комиссия жұмысы «тек белгі» үшін ғана жүргізіледі», - деді Тоқаев жұма күні үкіметтің кеңейтілген отырысында.

adimage