ҚТЖ «Жолаушылар тасымалы» басшысы етіп Германия азаматын тағайындады

Күні: 12:34, 13-08-2020.

Астана. 13 тамыз. ҚазТАГ – «Қазақстантеміржолы» ҰК» АҚ (ҚТЖ) «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы етіп Германия азаматын тағайындады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының келісімі бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа Бас директоры болып DB Engineering&Consulting Азия-Тынық мұхиты аймағының дирекциясын басқарған неміс маманы Питер Штурм (Peter Sturm) тағайындалды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
ҚТЖ мәлімдегендей, «теміржол көлігі және халықаралық тасымалдау саласында еңбек өтілі бар Штурм, 25 жыл бойы халықаралық компанияларда түрлі басқару қызметтерін атқарған».
«Бұған дейін ол инновациялар мен өзгерістерді енгізудегі жауапты бөлімшелерді басқарды, жылжымалы құрамды сатып алу және қызмет көрсету, ақпараттық технологияларды енгізу, темір жолдарды пайдалану және т. б. салаларда қызмет атқарды», - деді ҚТЖ.


Жаңалықтармен бөлісу: