ТЖД Алматыда Наурызбай ауданында сел жүру жағдайы туралы нақтылады

Алматы. 14 тамыз. ҚазТАГ – Қаланың ТЖД Алматыда Наурызбай ауданында сел жүру жағдайы туралы нақтылады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ауа температурасының соңғы екі айда төмендемеуіне байланысты таңғы сағат 6:20-лар шамасында Қарғалы өзені бассейніндегі №1 мореналық көлдің суы босатылды. Секундына 5 текше метр жылдамдықпен жіберілгенде көлдегі су деңгейі 5 метрге төмендеді. Бастапқы есептеу бойынша 20 мың текше метр су ағызылған. Қазір алаңдауға негіз жоқ. Халықты әбігерге салмас үшін біз тек Қарғалы аңғарында орналасқан дыбыс зорайтқыштар арқылы хабарлама жібердік. Наурызбай ауданы Қарғалы шатқалында тұратын халық шұғыл құлақтандырылды. Сонымен қатар, өрт сөндіру бөлімшелері, жол патрульдік қызметкерлері дауыс зорайтқышпен халықты хабарландырды, Наурызбай ауданында қауіпсіз жерге көшірілген адамдарды қабылдау үшін эвакуациялық пункттер ретке келтірілді. Осы мақсатта Бостандық ауданында мектеп ғимараты әзірленді», - делінген сәрсенбіде таратылған Алматы ТЖД баспасөз қызметінің хабарында.
Хабарда айтылғандай, Қарғалы өзенінің арнасында газбен қамту, электр энергиясымен қамту нүктелері ажыратылды.
«ТЖ жою жөніндегі жедел штаб құрылды, Алматы ТЖД ахуалдық-дағдарыс орталығында жұмыс жасау үшін азаматтық қорғаныс қызметі жинақталған.«Қазәуеқұтқару», «Алматы Құтқару» қызметінің борттары мен Ұлттық ұланның жеке құрамы дайын тұр. ТЖД-ның барлық қызметтері шұғыл жағдайға әзірленді», - деп хабарлады ТЖД.
Департаментте еске салғандай, Қарғалы өзенінің басындағы көлдің суын жіберу жұмыстары ағымдағы жылдың 6 маусымында басталған
«Бұған 6 сорғыш, сифон желісі іске қосылған. Сондай-ақ, экскаватормен транзиттік су жүргізу үшін басқа арна қазылған. Қалалық ТЖД-ның мәлімдеуінше, көлден 1,6 млн текше метр су жіберілген. Бастапқыда су көлемі 77 мың текше метр болған. Алдын ала су басуы ықтимал 8 учаске белгіленді. Шұғыл әрекет етуге 59 техника, 216 адам жұмылдырылды», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қазіргі таңда Қарғалы өзеніндегі судың шұғыл азаюы байқалмайды. Өзен деңгейі секундына 20 текше метр су жіберуге дейін тұрақталды. Дәл қазір 3,6 текше метр су жіберіп жатыр. Жағдай тұрақты, бақылауда. Алаңдауға еш негіз жоқ
Бұған дейін хабарлағандай, 2019 жылдың 14 тамызында Наурызбай ауданында шағын көлемде сел шығару жүргізілді. Тұрғындар құлақтандырылған. Энергетика қызметіне жарықты, газды өшіру туралы команда берілді. Алматы қалалық ТЖД Әуезов және Алатау аудандарында Қарғалы өзенінің төменгі жағында тұратын тұрғындарға ескерту жасап жатыр. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпарынша, эвакуациялық пункттер үш мекенжайда орналасқан: Жандосов – Рысқұлов (ескі әкімдік), Шахмерденовтағы №172 мектеп, Жандосов-Яссауидегі №158 мектеп.

adimage