ТЖК: Алматыда күшті жер сілкінісіне дайындық туралы ақпарат – фейк

Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ - Алматыда күшті жер сілкінісіне дайындық туралы ақпарат – фейк, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«Күші жеті балдық жер сілкінісі болады-мыс деген ақпарат шындыққа жанаспайды – бұл фейктік ақпарат», - деп хабарлады жұма күні ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Өз кезегінде Алматы ТЖД баспасөз қызметі атап өткендей, «ТЖД барлық күші мен құралдары штаттық режимде жұмыс жасауда және жоғары дайындық жүргізіліп жатқан жоқ».
«Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 22 қаңтардағы сейсмология институтының апта сайынғы болжамдық комиссия отырысында 23-29 қаңтар аралығында Алматы өңірінде күші жеті және одан жоғары балдық жер сілкінісі күтілмейді. Сабыр сақтауларыңызды сұраймыз», - деп атап өтті ТЖД-де.
Атап өтелік, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде аудиожазба тараған, Онда ер адамның даусымен ертең-арғы күндері қалада күші жеті балдық жер сілкінісі болуы мүмкін екендігі айтылған. Сонымен қатар, ол ТЖ барлық күштерінің жоғары деңгейде дайындалып жатқанын айтқан.

adimage