Украинада хаттамалардың 90% өңдеу қорытындысы бойынша Зеленский 73,19% жинады

Алматы. 22 сәуір. ҚазТАГ – Украинада хаттамалардың 90% өңдеу қорытындысы бойынша президенттікке үміткер Владимир Зеленский 73,19% жинады, деп хабарлады «Униан».
«Орталық сайлау комиссиясы Украина президенті сайлауының екінші турында дауыс қорытындысы бойынша учаскелік сайлау комиссиясның электронды хаттамаларының 89,41% өңдеді. Президенттікке үміткер, шоумен Владимир Зеленскийге сайлаушылардың 73,19%-ы (12160694) дауыс берген, оның қарсыласы, қазіргі мемлекет басшысы Петр Порошенкоға - 24,48%-ы (4068156) дауыс берген», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, 21 сәуірде Украинада президент сайлауының екінші туры болып, ол 12 сағатқа созылды. Бірқатар экзит-полдың қорытындысы бойынша сайлауда Зеленский сенімді жеңіске қол жеткізді, ал қазіргі мемлекет басшысы Порошенко жеңіліс тапты.
Экзит-полдардың бірінші нәтижесі жарияланғаннан кейінгі алғашқы сөзін бұрынғы КСРО елдеріне арнаған Зеленский: «Бізге қараңыздар - бәрі де мүмкін» деді.

adimage