Украинада Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсімі өтті

Алматы. 20 мамыр. ҚазТАГ – Украинада президент сайлауының жеңімпазы Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсімі өтті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Жоғары Рада залында сайлау нәтижесі жарияланғаннан кейін Зеленский ант беріп, ресми түрде бес жылға Украина президенті болып сайланды.
Зеленскийдің ант беру рәсімі Украина телеарналарынан және басқа да ақпараттық порталдардан тікелей эфирде көрсетілді.
Еске салсақ, президент сайлауының екінші туры Украинада 21 сәуірде өтті. Елдің Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 30 сәуірде сайлаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша Зеленский 73,22% дауыс жинады (13 541 528 сайлаушы),қазіргі президент Петр Порошенко – 24,45% (4 522 450). Бюллетендердің 2,31% жарамсыз деп танылған.
Дауыс қорытындысын жариялағанға дейін 25 сәуірде Зеленский ОСК-ні сайлау қорытындысын жариялауды созып жіберді деп айыптаған болатын. Саясаткердің айтуынша, қорытындыны жариялауды созу ұлықтау салтанатының 27 мамырдан кейін өтуі үшін жасалады, және ол Жоғары Раданы таратып жіберу мүмкіндігіне ие болмады. 16 мамырда Украина Жоғары Радасы Зеленскийді ұлықтау мерзімі ретінде 20 мамырды белгіледі.
Қазақстаннан ұлықтау салтанатына ҚР парламенті сенатының вице-спикері Бектас Бекназаров бастаған делегация қатысуда.

adimage