Венесуэла Қытайға мұнай жеткізуді қайта қалпына келтірді

Алматы. 27 қараша. ҚазТАГ - Венесуэла Қытайға мұнай жеткізуді қайта бастады, деп хабарлайды Reuters.
«АҚШ Венесуэлаға санкциялар салғаннан кейін бір жыл өткен соң мемлекеттік Petroleos de Venezuela (PDVSA) Қытайға мұнай жеткізуді қайта бастады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қыркүйек айына дейін Венесуэлаға тиесілі болған Того туы астындағы Warrior King танкері бейсенбіде қытайлық Байукуан мұнай терминалына тоқтап, қыркүйек айында жөнелтілген 600 мың баррель ауыр Merey 16 мұнайын жеткізді.
Қытайдың мемлекеттік компаниялары - China National Petroleum Corp (CNPC) және PetroChina, бұрыннан бері PDVSA-ның негізгі клиенттерінің қатарында болды, 2019 жылдың тамызында Вашингтон PDVSA-ға қарсы санкцияларын ұзартқаннан кейін, оған Венесуэланың мемлекеттік компаниясымен сауда жасайтын кез-келген компанияларды қосқан соң Венесуэла порттарында шикі мұнай мен жанармай жеткізуді тоқтатты.
«Санкциялар Трамп әкімшілігінің Венесуэла президенті Николас Мадуроны құлату әрекетінің бір бөлігі болды, бірақ бұл шаралар Оңтүстік Америка елінің мұнай экспортын толығымен тоқтата алмады немесе Мадуроның күшін әлсірете алмады. Мұның орнына PDVSA клиенттері Венесуэла мұнайын Малайзияға жеткізілімдерін ұлғайтты және оны олар теңізге қытайлық танкерлерге тиеген», - деп жазады басылым.
Хабарларға қарағанда, PDVSA, CNPC, PetroChina және Венесуэланың мұнай министрлігі бұл жағдайға түсініктеме берген жоқ. Өз кезегінде АҚШ Қаржы министрлігінің өкілі «Венесуэланың мұнай секторында жұмыс жасайтындар санкциялардың астында қалу қаупі бар» деп мәлімдеді.

adimage