Әйелдер күресінен Азия чемпионатының бірінші күнінде қазақстандықтар бірден екі алтын медаль қанжығалады

Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ – Әйелдер күресінен Азия чемпионатының бірінші күнінде қазақстандықтар бірден екі алтын медаль қанжығалады, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Алматыда әйелдер күресінен Азия чемпионатының бірінші жарыс күні аяқталды. Қазақстандық спортшыларға жеңіс тұғырына екі мәрте көтерілу мүмкіндігі туды. Алтын медальға Валентина Исламова-Брик (50 кг дейін) және Эльмира Сыздыкова (76 кг дейін) ие болды. Үшінші орынға Айша Уалишан (55 кг дейін) ие болды», - делінген хабарда.
50 кг: дейін:
1. Валентина Исламова-Брик (Қазақстан);
2. Жасмин Иммаева (Өзбекстан);
3. Сима Сима (Үндістан).
55 кг: дейін
1. Дулгуун Мунхболд Болорма (Моңғолия);
2. Мадина Усмонжонова (Өзбекстан);
3. Айша Уалишан (Қазақстан).
59 кг: дейін:
1. Сарита (Үндістан);
2. Шовдор Баатаржав (Моңғолия);
3. Нурайда Анаркулова (Қырғызстан).
68 кг: дейін:
1. Меерим Жуманазарова (Қырғызстан);
2. Дельгермаа Энхсайхан (Моңғолия);
3. Юн Сун Ен (Оңтүстік Корея).
76 кг: дейін:
1. Эльмира Сыздыкова (Қазақстан);
2. Айпери Медет Кызы (Қырғызстан);
3. Пуя Пуя (Үндістан).

adimage