Алматы. 17 қазан. КҚазТАГ - YouTube видеохостингінің әлем бойынша жұмысы тоқтады, деп хабарлады Downdetector сайттарының жұмысқа қабілеттілігі мониторингі сайтындағы хабарда.
«Бүкіл әлемдегі YouTube қолданушылары видеохостинг жұмысындағы іркілістер туралы айтып жатыр», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, аталмыш сервис Ресейде, Польшада, Жапонияда, АҚШ, Аустралияда дұрыс жасамай тұр. Видеохостингтегі іркілістер аст. уақытымен 07.00-де орын алған. Көптеген шағымдар видео қарау кезіндегі проблемалармен байланысты.
Бұған дейін хабарланғандай, профилактикалық жұмыстарға байланысты Қазақстанда да радиостанциялар мен YouTube сервисінде іркілістер болған.
YouTube видеохостингінің әлем бойынша жұмысы тоқтады
