YouTube жұмысындағы ақаулардың жойылғандығы туралы хабарлады

Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ - YouTube видеохостингі жұмысындағы ақаулардың жойылғандығы туралы мәлімдеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Біз қосылдық! Шыдамдылық танытқандарыңыз үшін рақмет.  Егер сіздерде әлі де ақаулар болса (YouTube жұмысында – ҚазТАГ), бізге ол туралы хабарлаңыз», - делінген сәрсенбіде Twitter парақшасында таратылған хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, бүкіл әлемдегі YouTube қолданушылары видеохостинг жұмысындағы іркілістер туралы айтқан болатын.
Хабарда атап өтілгендей, аталмыш сервис Ресейде, Польшада, Жапонияда, АҚШ, Аустралияда дұрыс жасамай тұр.  Видеохостингтегі іркілістер  аст. уақытымен 07.00-де орын алған. Көптеген шағымдар видео қарау кезіндегі проблемалармен байланысты.  
Сонымен қатар, профилактикалық жұмыстарға байланысты Қазақстанда да радиостанциялар мен  YouTube сервисінде іркілістер болған.  

adimage