Қырғызстанда қазақстандық медицина күндері өтеді

Алматы. 12 қараша. ҚазТАГ - Қырғызстанда қазақстандық медицина күндері өтеді, деп хабарлады Қырғыз телеграф агенттігінен (Қыр ТАГ).
«Қырғызстанда 13-14 қарашада Қазақстандық медицина күндері өтеді», - деп хабарлады сейсенбіде ҚР денсаулық сақтау министрлігінен.
Хабарда нақтыланғандай, 13 қарашада Orion Bishkek қонақ үйінде қазақстандық медицина күндеріне арналған форумның ашылуы болады. Шараның мақсаты екі ел арасындағы денсаулық сақтау мекемелері, сондай-ақ медициналық білім беру ұйымдары арасында екіжақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
«Форум аясында Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы реформасының, медицинадағы жаңа технологиялардың таныстырылымы өтеді. Диалогтық алаңда медициналық туризмді дамыту, онкологияда заманауи ядролық технологияны қолдану, ана мен бала денсаулығын қорғау, алғашқы медико-санитарлық көмекті дамыту, денсаулық сақтауды цифрландыру тақырыптары талқыланады», - делінген хабарда.
Сонымен қатар, қазақстандық медицина күндері аясында фойеде медициналық көрме ұйымдастырылады, 14 қарашада Бішкектегі травматология және ортопедия орталығы базасында қазақстандық мамандардың қатысуымен үш шебер-класс болады.

adimage