Қырғызстанда қаза тапқан төрт қазақстандық баланың денесі Өскеменге жеткізілді

Өскемен. 1 шілде. ҚазТАГ- Қырғызстанда жойқын селден қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді, деп хабарлайды Yk-news.kz.

«Қаза тапқан қазақстандық балалардың денесі Өскеменге жеткізілд»,- делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.

Ош облысының Ноокат ауданындағыт селден қаза тапқандар арасында Шығыс Қазақстан облысының балалары да бар.

«Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен Қырғызстанға туыстарына қонаққа барған», - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметінің мамандары жұмылдырылды.

«Өңір басшысы Ермек Көшербаев көз жұмған балалардың туыстарымен кездесті. Жергілікті атқарушы органдар жерлеу рәсімін ұйымдастырып, өткізуді өз мойнына алды», - деп қосты облыстық әкімдікте.

Еске салсақ, 28 маусымда Қырғызстанда қатты жауған жаңбырдың салдарынан Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел жүріп, тұрғындар мен туристер құрбан болды. Барлығы тоғыз адам көз жұмды. Оның ішінде төрт қазақстандық бар, төртеуі де бала.

Фото көзі: Yk-news.kz


adimage