Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев әкімшілігінің бұрынғы басшысы ұсталды

Алматы. 9 тамыз. ҚазТАГ – Фарид Ниязов – Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев әкімшілігінің бұрынғы басшысы ұсталды, деп хабарлады Қырғыз телеграф агенттігінен (ҚырТАГ).
«Заңнамаға сәйкес, Ниязовты құқыққорғау органдары 48 сағатқа ұстады. Ниязов адамдарды кепілге алуға қатысы бар деп күдіктелуде», - деп хабарлады жұмада Ниязовтың адвокаты Сергей Слесарев.
Ол нақтылағандай, екі тәулік ішінде сот президент әкімшілігінің бұрынғы басшысына қатысты бұлтартпас шарасын тағайындауы керек.
«Ниязов жақында, 8 тамызда Атамбаевпен бірге бір тәулікке жалғасқан құқыққорғау органдарының арнайы операциясы барысында ұсталды. Бүгін ІІМ-не жауап алу үшін бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары шақыртылды», - делінген хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев ұсталып, ҚР мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) тергеу изоляторына қамауға алынды.
Еске салсақ, 7 тамыз күні кешкісін Шу облысы Аламадун ауданы Қой-Таш ауылында Атамбаевты ұстау бойынша арнайы операция басталған еді. Атамбаевтың жақтастары қарулы қарсылық танытқан, жалпы 40-тан астам адам зардап шеккен. Арнайы жасақ жауынгерінің біреуі оққа ұшты. Шу облысы МІІБ бастығының жағдайы ауыр халде қалып отыр.
Жағдайға түсінік берген ҚР президенті Жээнбеков, «егер кешегі күнге дейін Атамбаевты тергеушіге куәгер ретінде шақырса, енді оған аса ауыр қылмыс бойынша күдікті ретінде қарайтын болады» деді.
Жогорку Кенеш 27 маусымда Атамбаевты экс-президент және қол сұғылмаушылық мәртебесінен айырды. Оған депутаттық комиссия қорытындысы негіз болды. Олар Атамбаевқа алты тармақ бойынша айып тақты, оның бесеуін бас прокуратура мақұлдады.
Атамбаевты бес эпизод бойынша жауап алу үшін ұстауға тырысуда: заңдағы ұры А.Батукаевты босату дерегі бойынша; Қой-Таш ауылында Атамбаевтың үйі орналасқан жер теліміне қатысты; экс-президенттің салықтық декларациясы бойынша; «Бішкек қаласының ЖЭО жаңғырту» жобасын дайындау, қол қою және жүзеге асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық; Бішкек ЖЭО-ға заңсыз көмір жеткізуге және «Рассвет Компани» мен «Прогресс Компанидің» қосылуына Атамбаевтың қатыстылығы дерегі бойынша.
Атамбаевтың өзі тағылған айыптардың бірде-бірін мойындамады және оны ұстауға тырысқан жағдайда қорғануға ниетті екенін мәлімдеді. «Менің атыма жазылған қаруым бар», - деп мәлім етті Атамбаев.
Атап өтелік, Атамбаев үш рет түсінік беруден бас тартқан.

adimage