Қытайдан Қазақстанға бір аптада 38-ге жуық адам келді

Астана. 23 қаңтар. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Қытайдан Қазақстанға бір аптада 38-ге жуық адам келді, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтер қауіпсізlігі мен сапасын бақылау комитетінің көліктегі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті басшысының МА Ермек Тоқбергенов.
«Қазіргі таңда бізде екі темір жол өткелі бар: «Достық» станциясы арқылы және «Алтынкөл» арқылы. Бірақ айта кету керек, ол жерде адамдар саны аз, орта есеппен Үрімшіден аптасына 10 шақты адам ғана шығады. (…) Нақты Қытайдан Алматы мен Нұр-Сұлтанға ұшып келеді. 10 (адам – ҚазТАГ) –Нұр-Сұлтанға және 18 –Алматыға (аптасына – ҚазТАГ)», - деп хабарлапды Тоқбергенов сәрсенбі күні ҚазТАГ ХАА тілшісінің соңғы кезде Қазақстанға Қытайдан қанша адам келді деген сұрағына берген жауабында.
Ал Қазақстан-Қытай шекарасын көлік жолымен өткендер саны қанша деген сұраққа ол жауап бере алмады, алайда былтыр Қытайдан Қазақстанға шамамен 1,3 мың адам келгенін жеткізді.
Бұған дейін белгілі болғаны, осы аптаның сәрсенбісінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) шұғыл жиын өткізеді, онда халықаралық маңызға ие қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай ретінде #nCoV2019 коронавирусының өршуін жариялау қажет пе деген мәселе шешілетін болады.
Төтенше жағдайлар бойынша ДДСҰ комитетін шақырту туралы шешім Қытай билігі «жұмбақ» коронавирустың адамнан адамға жұғып жатқанын жариялағаннан кейін қабылданды.

adimage