Қытайдың оңтүстігіндегі өрттен шамамен 20 адам мерт болып, 5-уі жараланды

Алматы. 24 сәуір. ҚазТАГ – Қытайдың оңтүстігіндегі өрттен шамамен 20 адам мерт болып, 5-уі жараланды, деп жазады Синьхуа агенттігіне сілтеме жасаған «Известия» басылымы.  
«Оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен 00.30-да (мск. 19:30) орын алды. Үш қабатты ғимаратта 110 адам болған. 25 минут ішінде өрт сөндірілді, бірақ адам қазасы да болды.   Гуандун Оңтүстік Қытай провинциясының караоке-барларының бірінен шыққан өрт 18 адамның өмірін жалмаса, тағы 5-уі жарақаттанған», - делінген сейсенбідегі хабарда.  
Жергілікті билік ақпарынша, қайғылы жағдайдың орын алуына әдейілеп өрт қою себеп болуы мүмкін.  
«Полиция Индэ қаласындағы караоке-бардағы өртті қойған күдіктінің кім екенін анықтады», - делінген хабарда.
Қалалық қоғамдық қауіпсіздік басқармасының мәлімдемесінде көрсетілгендей, қылмыскерді табуға көмектесетін ақпарат үшін $31 мың көлемінде сыйақы тағайындалған.  
«Ғаламторда күдікті 32 жасар Лю Чуньлу есімді ер адамның суреті де орналастырылған, сондай-ақ, оның жеке куәлігінің нөмері де көрсетілген», - делінген хабарда.  

adimage