Қытайлық дәрігерлер тобы 9 сәуірде Нұр-Сұлтанға коронавируспен күресу үшін келеді

Астана. 8 сәуір. ҚазТАГ – Қытайлық дәрігерлер тобы 9 сәуірде Нұр-Сұлтанға коронавируспен күресу үшін келеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметнен.
«ҚХР дәрігерлері сәуірдің 9-ы күні Нұр-Сұлтанға арнайы ұйымдастырылған ұшақпен ұшып келеді. Сонымен қатар делегациямен бірге Қытайдан гуманитарлық көмектің екінші бөлігі де жеткізіледі деп күтілуде», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, құрамына коронавирус инфекциясының алдын алу және коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуде тәжірибесі мол жоғары білікті дәрігерлер кіретін Қытай делегациясының миссиясы - қазақстандық медицина қызметкерлеріне COVID-19 қарсы күресте консультациялық әдістемелік көмек көрсету, оның ішінде COVID-19 алдын алу және бақылаудың Қытай тәжірибесімен, жақын байланыстарды анықтау және оқшаулау тетіктерімен танысу, қолданыстағы клиникалық емдеу хаттамаларына ұсыныстар беру және т.б.
«Бұл бастаманы Қазақстан тарапы осы жылдың 24 наурызында Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевтың Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Төрағасы Си Цзиньпинмен COVID-19 жаңа коронавирус инфекциясына қарсы күресте ҚХР-ның Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсетуі туралы телефон арқылы сөйлесу барысында қол жеткізілген уағдаластықты жүзеге асыру мақсатында ұсынды», - деді денсаулық минінен.
Ведомствода атап өтілгендей, 7 сәуірде ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Л.М.Ақтаеваның төрағалығымен ҚХР денсаулық сақтау комитеті өкілдері мен қытайлық дәрігерлермен онлайн кездесу өтті.
«Осы онлайн кездесу барысында тараптар 13 маманнан тұратын қытайлық делегацияның Қазақстанға сапарының бағдарламасын, ынтымақтастықтың басым бағыттарын, COVID-19 тақырыбы бойынша қазақстандық дәрігерлерге арналған тренинг тақырыптарын, логистика мәселелерін және т.б. кеңінен талқылады», - делінген хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 704 жағдайы тіркеліп, 51-і жазылып, алты адам көз жұмды.

adimage