Қызылорда-Құмкөл тас жолында 50 шақты жолаушысы бар автобус аударылды

Астана. 3 желтоқсан. ҚазТАГ - Қызылорда-Құмкөл тас жолында 50 шақты жолаушысы бар автобус аударылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«3 желтоқсанда сағат 05.25-те Қызылорда-Құмкөл тас жолында көктайғақ салдарынан жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлін басқара алмай қалып, автобус аударылды. Алдын-ала болжам бойынша салонда 50 шақты жолаушы болған. Зардап шеккендер саны нақтылануда», - деді ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Назарбаев сейсенбіде.
Ол нақтылағандай, автобус Құмкөл-Қызылорда бағытында кетіп бара жатқан.
«Оқиға Қызылордадан 85 шақырым жерде болған. Қызылорда облысы ТЖД базасында жедел штаб құрылған. Қауырт желі телефоны ашылды +7 (7242) 24-41-61, 70-03-28», - деді ТЖК ресми өкілі.
Сондай-ақ, ол нақтылағандай, ЖКО орнында ТЖД жеке құрамының 13 адамы мен төрт бірлік техникасы, жергілікті полиция қызметінің алты қызметкері мен екі бірлік техникасы, жедел медициналық көмек ауруханасының 12 қызметкері мен төрт бірлік техникасы көмекке жұмылдырылған.

adimage