Қызылорда-Құмкөл тас жолында аударылған автобуста тағы бір адамның денесі табылды

Астана. 3 желтоқсан. ҚазТАГ - Қызылорда-Құмкөл тас жолында аударылған автобуста тағы бір адамның денесі табылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«ЖКО орнында тағы бірі адамның денесі табылды», - деп хабарлады сейсенбіде ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Ол салонда 36 адамның болғанын нақтылады. Қаза тапқандар саны-8.
Бұған дейін хабарланғандай, 3 желтоқсанда сағат 05.25-те Қызылорда-Құмкөл тас жолында көктайғақ салдарынан жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлін басқара алмай қалып, автобус аударылды. Алдын-ала болжам бойынша салонда 50 шақты жолаушы болған. Автобус Құмкөл-Қызылорда бағытында кетіп бара жатқан. Оқиға Қызылордадан 85 шақырым жерде болған. Қызылорда облысы ТЖД базасында жедел штаб құрылған. Қауырт желі телефоны ашылды +7 (7242) 24-41-61, 70-03-28.
Кешірек белгілі болғандай, оқиға орнында алты адамның денесі табылып, 29 зардап шегуші автобустан шығарылған еді, олардың біреуі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.

adimage