Қызылорда облысындағы автобустың қатысуымен болған ЖКО-да қаза тапқандар мен зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі – Тоқаев

Астана. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Қызылорда облысындағы автобустың қатысуымен болған ЖКО-да қаза тапқандар мен зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі, деп мәлімдеді ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Қызылорда облысында автобустың аударылуынан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердң отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жолдардағы қауіпсіздік мәселесі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің баса назар аударуын талап етеді», - деп жазған Тоқаев сейсенбі күні әлеуметтік желіде.
Бұған дейін хабарланғандай, 3 желтоқсанда сағат 05.25-те Қызылорда-Құмкөл тас жолында көктайғақ салдарынан жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлін басқара алмай қалып, автобус аударылды. Автобус Құмкөл-Қызылорда бағытында кетіп бара жатқан. Оқиға Қызылордадан 85 шақырым жерде болған. Қызылорда облысы ТЖД базасында жедел штаб құрылған. Қауырт желі телефоны ашылды +7 (7242) 24-41-61, 70-03-28.
Кешірек белгілі болғандай, оқиға орнында алты адамның денесі табылып, 29 зардап шегуші автобустан шығарылған еді, олардың біреуі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.
Сәл кейінірек ЖКО орнында тағы бір адамның денесінің табылғаны хабарланды. ҚР ІІМ ТЖК ЖКО салдарынан сегіз адамның мерт болғаны, ал жалпы автобус салонында 36 адамның болғанын жеткізді.
ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жанат Әбдірахманов сейсенбідегі үкімет кулуарында автобуста Қазақстанның азаматтары болғанын жеткізді. Ол мұнай компаниясының ведомстволық автобусы екен. Автобустағылар - мұнай компаниясының қызметкерлері. Олар Құмкөлге жұмысқа бара жатқан.

adimage